- Advertisement -

Әйелдер құқығының қорғаушысы

26

- Advertisement -

Полиция қызметкерлері осы мамандыққа қадам басқан сәттен бастап халықтың құқығы мен қауіпсіздігі үшін жанқиярлықпен жұмыс істейді. Бір қарағанда қызықты көрінетін саланың шынайы қиындығын сезінген полиция қызметкері ғана бұл мамандыққа деген құрметті қалыптастыра алады.

Солардың бірі – Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны Айнұр Асылбаева.
Оның мамандығына деген адалдығы, іскерлігі мен жанкештілігі осы уақытқа дейін көптеген азаматтың өмірін, денсаулығын сақтап қалуға себепші болды. Сондай бір оқиғаны Айнұр ерекше еске алады.
Ол 2018 жылы орын алған келеңсіз жағдай екен. Полиция кезекшісінің нөміріне 25 жастағы келіншектен жедел шақырту түседі. Күйеуімен жанжалдасып, оның соңы зорлық-зомбылыққа ұласып жатқанын айтқан келіншектің шақыруына Айнұр Асылбекова жедел жөнеледі. Оқиға орнына барғанда 34 жастағы мас адамның әйеліне пышақ ала жүгіріп, өміріне қауіп төндіріп тұрғанын анықтайды. Аяғы ауыр келіншекті қауіптен арашалау үшін полиция қызметкері еш ойланбастан араға өзі түседі.

– Бұл отбасы біздің полиция бөлімінде есепте тұратын. Жексенбі күні түскі уақытта әйелі қоңырау шалғаннан кейін мен оған жалғыз көмектесуге асықтым. Өйткені учаскелік инспекторлар осы уақытта басқа шақыртуларда болған. Бір минутты жоғалтуға болмайтын еді. 34 жастағы мас адам әйеліне пышақпен шабуыл жасап, көшеде жүр екен. Әйелі жүктіліктің бесінші айында болды. Менде оны құтқару және қорғау туралы бір ғана ой болды. Мас азаматтың жолын кес-кестеп алдында тұрдым. Ол пышағын сермеп үлгерді. Соның салдарынан денемде әлі күнге дейін тыртық қалды, – деп еске алады сол күнді Айнұр Асылбаева.

Иә, сіз бен біздің құқығымыз бен сақтығымызды күзетіп, полицияда осындай жанкешті азаматтар, азаматшалар қызмет етіп жатқанын біле жүрейік.

Маржан РАҚАЙ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support