- Advertisement -

Үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды

46

- Advertisement -

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің ұйытқы болуымен, мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру мақсатында өңірде «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» атты республикалық байқаудың бірінші кезеңі өтті.

Байқауға мемлекеттік қызмет саласындағы өтілі кемінде үш жыл, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретіндей әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге облыс бойынша барлығы 38 жас мемлекеттік қызметші қатысып, оның ішінде 10 адам өңірлік комиссия мүшелерінің алдында «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру: Бюрократиядан арылту» тақырыбында әзірленген презентацияларын қорғады. Кандидаттарды іріктеу барлық алдыңғы кезеңдердегі балдар жиынтығы мен рейтинг бойынша жүзеге асырылды.

Өңірлік комиссияның шешімімен бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл және Сарысу ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Меруерт Қадырбекова жеңімпаз атанып, байқаудың екінші кезеңіне өтті.

Айтолқын Кенжебекова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support