- Advertisement -

Қоғам болып күреспейінше, сыбайластық жойылмайды

45

- Advertisement -

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен жиын өткізді. Басқосу «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жоба шеңберінде онлайн және оффлайн режимде жастарға дәріс түрінде жүргізілді.

Жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген нысандарына теріс көзқарас қалыптастыру, оларды сыбайластық, жемқорлықтан бойын аулақ ұстауды үгіттеуді мақсат еткен дәрісте тақырыпқа қатысты көптеген мәселелер қозғалды.

«Шараның мақсаты – жастар арасында еркіндік, отбасы құндылықтары, жеке кеңістік және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы тұрақты дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру. Жастардың құқықтық сауаттылығын, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуының барысы туралы хабардар ету, нақты көмек көрсету. Азаматтық қоғам өкілдерін және «Adaldyq Alany», «ӘДЕП» жобалық кеңселерін жұмылдыра отырып, пікірталас және оқыту алаңдарын ұйымдастыру», – дейді «ЖАҢАРУ» РҚБ облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев.

Жиынға қатысқан Тараз өңірлік университеті мен мемлекеттік органдар өкілдері, колледж студенттері, «Adaldyq Alany», «Әдеп» жобалық кеңсесі мамандары, «Jastar» департаменті, мәслихат депутаттары, «Аманат», «Ақ жол», «Ауыл» партиялары, ҮЕҰ мен ҰКП және «ЖАҢАРУ» белсенділері жемқорлықпен күресу жолындағы өз ұсыныстарын айтты.

Сондай-ақ іс-шараға онлайн режимінде «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев, төрағаның орынбасары, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Даулеткерей Рахметуллин, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Комитеті төрағасының орынбасары, жобаның бас сарапшысы, қоғамдық кеңесінің мүшесі Бейбіт Мамраев пен Орталық аппараттың бас сарапшысы Қабдулла Алиев және өңірлердегі филиалдардың басшылары қатысты.

– Бұл іс-шарамыз ел тағдырын айқындайтын тарихи кезеңде өтіп отырғанын айтуымыз керек. «Қоғамның басты талабының бірі – әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жолдағы ең үлкен кедергі сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз. Біз осы қоғамдық кеселді қалайда жеңуіміз керек. Бұған қатысты менің ұстанымым өзгермейді», деді Мемлекет басшысы биылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен кеңесте. Сол үшін біз, сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру үшін бар күш-жігерімізді салып еңбек етуіміз керек, – дейді Қасымхан Төлендиев.
Баяндамалар мен дәрістер оқылып біткен соң жастарға, қатысушыларға ашық пікір білдіріп, сұрақ қою және олардың ұсыныстарын тыңдау үшін жиын соңы еркін форматқа ауысты. Ал іс-шараның қорытындысымен семинар-жиналыстың қарары қабылданды.

Нұрперзент Туғанбай,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support