- Advertisement -

ЖАСТАРДЫҢ МАМАНДЫҚ АЛУЫМЕН ҒАНА ЕМЕС,ЖҰМЫСҚА ТҰРУЫМЕН ДЕ МАҚТАНСАҚ…

83

- Advertisement -

Елімізде бүгінгі таңда кәсіптік-техникалық мамандықтарға басымдық берілуде. Қазір облысымызда 44 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде (20 мемлекеттік, 24 жеке) 23618 студент білім алуда, оның 50 пайызы, яғни 11784 студент мемлекеттік білім тапсырысы аясында оқуда.

Сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында «Жас маман» жобасына облыстағы 11 колледж еніп, ондағы оқу құрал-жабдықтарын алуға 3,7 миллиард теңге бөлініп, заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Бұл колледждердің 7-еуі аудандарда орналасқан.

«Жас маман» жобасына қатысқан 8 колледж ақылы негізде қызмет көрсетуде (кондитерлік өнімдер мен аспаздық жартылай фабрикаттар, көрпе-төсек бұйымдары, көлік жөндеу, кран, экскаватор қызметтері, егістік өнімдер, т.б.). Оның ішінде екі «Студент өнімі» дүкені, екі ақылы қызмет көрсету орталықтары ашылды. Сөйтіп, биыл табыс табуға бағытталған 8 колледж шамамен 41 миллион теңге табыс табады деп жоспарлануда.

Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің жанынан салалық жұмыс берушілер кеңестері құрылып, олардың ұсыныстары негізінде облыстық стратегиялық даму жоспары бекітілді. Ауылдық колледждерге жетекші колледждер тағайындалды. Мемлекет басшысының отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуден кейінгі тапсырмасына сәйкес, облыстағы колледждерді ірі кәсіпорындарға шефтік қамқорлыққа беру жұмыстары қолға алынды. Бүгінгі таңда 18 колледж «Қазфосфат», «Имсталькон», «Палацио» кәсіпорындарына және «Шәушен» шаруа қожалығына бейіндері бойынша беріліп, 3 жақты меморандумға қол қойылды.

Шефтік қамқорлыққа алынған колледждерге кәсіпорындар тарапынан материалдық, тәжірибелік-әдістемелік қолдаулар көрсетілуде. Атап айтсақ, «Қазфосфат» ЖШС тарапынан Жаңатас көпсалалы колледжіне студенттермен тау-кен қазба жұмыстарын ұйымдастыру үшін 4 гектар жер телімі бөлініп, тәлімгер шеберлер бекітілді. Ал «Шәушен» шаруа қожалығы тарапынан Құлан агротехникалық колледжіне жобалық құны 12 миллион теңгені құрайтын оқу-өндірістік мал ұстау базасын салу жұмыстары басталды.

«Имсталькон» мен «Палацио» ЖШС тарапынан 3-курстың 68 студентін оқу-өндірістік тәжірибеден өткізу жұмыстары атқарылуда. 12 инженер-педагог осы кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуде. Мұнда басты мәселе заманауи технологияларды пайдалануды игеру, тәлімгер шеберлермен жұмыс тәжірибесін жинақтау, озат студенттерге стипендия төлеу, тұрақты жұмыс орнымен қамту.
Осы оқу жылында 44 колледждің 37-сі (84%) 57 мамандық бойынша 5611 студентті дуальдық оқытумен қамтып, 8084 студент өндірістік тәжірибеден өткізілді. Барлығы – 13695 студент тәжірибеден өтуде. Жұмыс берушілер есебінен кәсіптік практикада жүрген үздік 35 студентке орта есеппен 60 мың теңгеден еңбек ақы төленуде.

Биылғы оқу жылынан бастап, барлық колледждер академиялық дербестікке көшіп, 215 білім беру бағдарламасы дайындауда 42 ірі салалық кәсіпорынның ұсыныстарын ескеріп, реестрге тіркелді. Білім беру бағдарламалары кредиттік модульдік оқыту үрдісіне көшірілді.

Жыл сайын 9-сыныпты 20 мыңнан аса оқушы бітіреді. Биылғы оқу жылында 9-сынып бітірген оқушыларға мемлекеттік тапсыруды 70 пайызға арттыру көзделген. Өткен оқу жылында 3216 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінсе, жаңа оқу жылына 5734 орын (3300-МБ, 2434-РБ) мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінетін болады. Талапкерлердің колледжге оқуға қабылдау құжаттарын электрондық үкімет порталы Egov.kz, SmartNation электрондық порталы арқылы құжаттарды тапсырады.

Биыл екінші жыл мемлекеттік тапсырыс «ақша студентпен бірге жүреді» қағидаты бойынша бөлінеді. Яғни мемлекеттік білім беру тапсырысы колледждер арасында талапкерлердің таңдауы бойынша берілуде. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндерден қойылған бағаның орташа балы бойынша өткізіледі.

Облыстың агроөнеркәсіптік кластерінің дамуына байланысты агрономия, ветеринария, зоотехник, ара, балық, орман және жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтарына мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыруды көздеп отыр.

Биылдан бастап пилоттық режимде серіктес кәсіпорындардың нақты мамандарға сұранысына сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын болады. Ол үшін бизнес өкілдерімен алдын ала келісімшартқа отырады. Колледж кәсіпорын арасындағы осындай тандем арқасында білім беру бағдарламалары жұмыс берушінің талаптарын сай дайындалады.
Соңғы үш жылда мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу орындарын 8 мыңнан астам түлек бітірді, олардың ішінде, тұрақты жұмыспен қамтылғандар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 80-84 пайызды құрайды.

Жаңа оқу жылына қабылдауда кәсіпорындардың нақты сұранысына сәйкес, мақсатты кадр даярлау жұмыстары басталды. «Атамекен» КП-мен бірге «Қазфосфат», «Еврохим», «Имсталькон», «Жамбыл-Гипс», «Шафран», «Тараз-Энерджи», «Палацио» тағы басқа компаниялармен, яғни 79 жұмыс берушімен колледж арасында 430 орынға келісімшарт жасалынды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Бейқұт ЖАМАНГОЗОВ,
облыс әкімдігі білім

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support