- Advertisement -

Иен байлық – елдікі

40

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел байлығының көп бөлігін 162 азамат иемденіп отырғанын айтқан болатын. Сондай-ақ Президент шетелдік шоттарға заңсыз аударылған иен байлықтың бар екенін, оны елге қайтару үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін де жеткізген. Біз мұндай үлкен істердің әшкере болғанына шын қуандық және оның пайдасы елге тиетіндей болса екен деген үмітіміз бар.

Ал шетелден қайтарылған қыруар қаржы ең алдымен шет мемлекеттер алдындағы қарызымызды өтеуге жұмсалса деймін. Өйткені тәуелсіз ел қаржылай, экономикалық ешкімге тәуелді болмауы тиіс. Артылған қаржы болса, ел азаматтарына теңдей үлестіріліп, әркім өз қажетіне жұмсаса деген арман бар.

Осы ретте мен өз ойымды, ұсынысымды жеткізгім келеді. Жаңа Қазақстанды шынымен құрамыз десек, онда 30 жылдан бері ел басқара отырып, сол елді тонаған бақылаушы құзырлы органдардың басшыларынан баст ап, әрбір минист р, депутат, әкім, түрлі мекеме басшыларының барлығын жіті тексеру керек. Ел қаржысынан жымқырып, иен байлыққа батып отырған жемқорлардың дүние-мүлкі тәркіленуі тиіс.

Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,

зейнеткер, еңбек ардагері

Меркі ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support