- Advertisement -

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап қосымша өсті

98

- Advertisement -

өсті2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылуы жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5%-ға, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша 4%-ға арттырылды. Осылайша, бұл төлемдердің жалпы сомасы өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өсті.

Жұмыс істейтін азаматтар бұл төлемдерді базалық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша алады.

Қордан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді 81665 адам, оның ішінде облыс бойынша 4319 адам алуда. Егер бюджеттен алатындар үшін мүгедектік бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 54 608 теңгені құраса, ал Қордан төленетін төлемді қоса есептегенде жалпы сома 84 353 теңгені құрайды.

Қордан асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді 54215 адам, оның ішінде облыс бойынша 2523 адам алуда. Егер бюджеттен алатындар үшін асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 45 627 теңге болса, ал Қордан төленетін төлемді қоса есептегенде жалпы сома 76 443 теңгені құрайды.

Осылайша, жұмыс істейтін азаматтардың төлемдерінің орташа мөлшері жұмыс істемеген алушылармен салыстырғанда шамамен 30 мың теңгеге жоғары.

Сонымен бірге 2022 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты Қордан 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді ең төменгі деңгейде алушы 244000-ға жуық, оның ішінде облыс бойынша 17706 адамға төлем мөлшері ұлғайтылды.

Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің ұлғайтылған сомасы ағымдағы жылдың маусым айында сәуір, мамыр және маусым айларына төленетін болады.

Нұрахмет ЫСҚАҚОВ,
«МӘСҚ» АҚ облыс бойынша филиалының директоры

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support