- Advertisement -

МОЙЫНҚҰМДА ҚАНША ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ?

67

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жергілікті атқарушы органдарға елді мекендерде қолданылмай жатқан жайылым жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде қатаң шаралар қабылдап, әрбір аудан бойынша жайылымдарды басқару жөнінде нақты жоспарлар құруды тапсырған болатын. Осыған орай бүгінде Мойынқұм ауданында нақты шаралар қолға алынған. Шалғайдағы ауданның жалпы жер көлемі 5 045 071 гектарды құрайды.

Мойынқұм ауданының жалпы жер көлемі 5 045 071 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығындағы жер көлемі – 712 479, елді мекендердегі жер– 58 104 гектар. Сондай-ақ 28 заңды тұлға және 774 шаруа қожалықтарының иелігінде 712 479 гектар жер телімі бар.

Оның ішінде ауыл шаруашылығындағы жер көлемі – 712 479, елді мекендердегі жер – 58 104 гектар. Сондай-ақ 28 заңды тұлға және 774 шаруа қожалықтарының иелігінде 712 479 гектар жер телімі бар.
Елді мекендерге бекітілген жайылым жерлердің жетіспеушілігін жою үшін ауылдық округтерге 8516,0 гектар жайылымдықтар қосымша бекітіліп, 24 855,0 гектар жер телімін қосу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейік, жайылымдарды пайдалануды реттеу мақсатында прокуратура органдарымен бірлесіп зерделеу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде аудан тұрғындарының меншігінде тіркелген 1500,0 гектар жайылым жерлердің артық екендігі анықталды.

Сондай-ақ агроқұрылымдармен меморандум жасасудың нәтижесінде шаруа қожалықтардың өздеріне тиесілі жерлерге кедергісіз мал бағуға рұқсат берілді. 71 шаруа қожалығымен келісім жасалып, қазіргі кезде 2300 гектарға жуық жерлерге мал жаюға рұқсат етілді. Ал игерусіз жатқан жайылым жерлер мемлекет иелігіне қайтарылып жатыр. Нақтырақ айтатын болсақ, биылғы үш айдың өзінде игерусіз жатқан 7186,59 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Айтолқын КЕНЖЕБЕКОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support