- Advertisement -

Референдум ел болашағын айқындайды

32

- Advertisement -

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын. Референдумды өңірлерде түсіндіру бойынша «Amanat» партиясы тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, республикалық штаб мүшелері Мейрамбек Төлепберген, Гүлдара Нұрымова және Назиля Раззак Жамбыл облысына арнайы іссапармен келді. Халық қалаулылары өңірдегі еңбек ұжымдарымен кездесіп, саяси реформалар мен референдумның мазмұнын түсіндіруде.

Мәселен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, республикалық штаб мүшесі Назиля Раззак Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумды түсіндіру мақсатында Тараз сервис және технология колледжінің студенттерімен кездесті. Жиында республикалық штаб мүшесі студенттерге ағымдағы жылдың 5 маусымында республикалық референдум өтетінін хабарлап, оның мақсаты саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау екенін түсіндірді. Сонымен қатар халық қалаулысы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсететінін тілге тиек етіп, Конституциядағы 98-баптың 33-і өзгертілетінін атап өтті.

Шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, республикалық штаб мүшесі Назиля Раззак өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың өткір де өзекті мәселелерін шешіп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тікелей көмектесе отырып, сыбайлас жемқорлықпен және азаматтық қоғамға жат құбылыстармен күресіп, әділетті өмір сүруге мүмкіндік беретінін қадап айтты.

Келесі кезекте республикалық штаб мүшесі Мейрамбек Төлепберген Жамбыл облысына іссапар барысында «Amanat» партиясы Тараз қалалық филиалына қарасты «Насихат» бастауыш партия ұйымында елімізде өткізілетін референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында кездесуге қатысты.

Кездесуде халық қалаулысы референдумға қатысу әрбір азаматтың парызы екендігін, референдум еліміздің болашағын айқындауға бағытталғанын түсіндіріп, ашып айтты.

Еліміз бойынша 2022 жылдың 5 маусымы күні жалпыхалықтық референдум өтетінін, соған байланысты өңірлерде штаб мүшелері халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастағанын жеткізіп, кездесуге қатысушыларды референдумға қатысуға шақырды.

Сондай-ақ өңірге іссапармен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, республикалық штаб мүшесі Гүлдара Нұрымова Талас ауданында болып, аудандық орталық ауруханасының ұжымымен кездесу өткізді. Басқосуда депутат Президент ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы екеніне тоқталды. Сондай-ақ Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізу еліміздің саяси дамуындағы маңызды қадам екендігі және жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейтіндігін де тілге тиек етті.

«Amanat» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support