- Advertisement -

Футболдан Қазақстан чемпионы бас бапкерсіз қалды

28

- Advertisement -

Александр Москаленко футболдан Қазақстан чемпионы қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы KazFootball.kz порталы мәлім етті.

Мұндай шешім қостанайлық команда сырт алаңда «Ақтөбеден» (1:2) жеңілгеннен кейін шығарылды. Жалпы Москаленконың жаттықтыруымен «Тобыл» биыл бір ойында ғана жеңіске жеткен.

Еске салайық, 45 жастағы маман «Тобыл» тізгінін 2021 жылдың маусымында ұстаған еді. Оның жаттықтыруымен қостанайлық команда былтыр Қазақстан чемпионы атанып, биыл Қазақстан Суперкубогын иеленген.

2022 жылғы маусымда «Тобыл» 11 кездесуден кейін 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 7-орында келеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support