- Advertisement -

Алматы облысында сел салдарынан 5 жасар қыз жоғалып кетті

33

- Advertisement -

Алматы облысының Текелі қаласында лай массасы жиналды. Бірнеше үй зардап шекті.

Текелі қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен барлық отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда сел салдарынан 5 жасар қыз із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір оны іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Сағат 12.00-де Қонаев көшесі 350, 348 үйлер ауданында топырақ қатты ылғалдануы нәтижесінде тұрғын үйлерге лай массасы жиналғаны туралы хабарлама түсті. Үй иелерінің айтуынша, 5 жасар қызы іс-түссіз жоғалған. Жергілікті атқарушы органдар сел салдарын жою жөнінде штаб құрды. Зардап шеккен отбасылар қауіпсіз жерге көшіріледі», — деді Текелі қаласы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support