- Advertisement -

Мемлекетімізді жетілдіру, жаңғыртудың төте жолы

71

- Advertisement -

Елдегі саяси және басқару жүйесіндегі реформаларға құқықтық негіз беретін бұл референдумның маңызы зор. Сондықтан ел-жұрт 5 маусымда елдегі өзгерістерге біркісідей атсалысып, қолдау көрсетеді деген үміт мол. Осы орайда, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының штаб мүшелері Қасымхан Төлендиев пен Талғат Ешенқұлов М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерімен кездесіп, айтулы шараның маңыздылығын түсіндірді.

Жиында алғаш болып сөз тізгіндеген Талғат Ешенқұлов Конституцияға енгізілетін өзгерістерді бекіту үшін өтетін референдумның мәні мен маңызына тоқталып, орын алатын өзгерістер елімізді дамуға бастайтынын атап өтті. Сондай-ақ университет басшысы жастарға алдағы өзгерістерден нақты не күтуге болатынын түсіндірді.

– Елдегі реформаларға құқықтық негіз болатын өзгерістер халық талқысына салынып отыр. Ендеше, оны қолдап, дауыс беру – елге жүктелген жауапкершілік. Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құжаты – Конституциясы. Ал ондағы жазылған әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі маңызды рөл атқаратынын жастар түсінуі керек. Қазірден елдегі орын алып жатқан өзгерістерді дұрыс саралап, ой түйіп, немқұрайлылық танытпау қажет, – деді Талғат Ілиясұлы.

Ал өз кезегінде партия жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Қасымхан Төлендиев Конституциялық реформа – еліміздің дамудың жаңа жолын таңдағанының көрінісі екенін тілге тиек етіп, бұл өзгерістер жастардың жарқын болашағы үшін маңызы зор екенін жеткізді.

– Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістерде мемлекеттің басты капиталы – халқы және елдің, жердің иесі де сол халқы екенін айқындайтын басымдықтар бар. Жалпы Ата Заңдағы 98-баптың 33-і өзгертілмек. Бұл елдегі саяси жүйені құқықтық тұрғыда бекітеді, – деді Қасымхан Естемесұлы.
Жиын барысында студенттер де референдум бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support