- Advertisement -

Жаңашылдық дамуға серпін береді

36

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі соңғы оқиғаларды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамудың басым бағыттарын айқындап берді

Соның ішінде көппартиялы жүйені жетілдіру, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың рөлін күшейту, сайлау жүйесіндегі өзгерістер, азаматтық қоғамды дамыту, биліктің халықпен кері байланысын нығайту және тағы да басқа өзекті бағыттар кеңінен қаузалды. Бұл дегеніміз, мемлекетті басқару жүйесіне де бірқатар оң өзгерістер енгізіліп жатқанын аңғартады. Бәсекелестік бар жерде сапа болатыны секілді, көппартиялы жүйе халықтың билікке сенімін арттырады. Сондай-ақ көппартиялы жүйенің арқасында жетекші партиядан басқа да партия өкілдері депутат атанды.

«Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе»,–деген ел Президенті. Біз енді Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауда айқындаған басым бағыттарды жүзеге асыруға күш салуымыз керек деп есептеймін. Есте болса ол, Президент боларда өз бағдарламасында бірінші – сабақтастық, екінші – әділдік, үшінші – прогресс, өрлеу деді. Қазір сол үш қағиданы ұстануда. Әділдік қағидатының ішінде әділетті Қазақстан, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты тамырымен жою деген тармақтары бар. Оған да мән беруде.

Ауылшаруашылық министрлігіндегі сыбайлас жемқорлықтың әшкере болуы да көпке сабақ болды.
Елімізде «Қазақстан халқына» деген қор ашылып, жұмыс істеп жатқаны аян. Ол шын мұқтаж жандардың мүддесі үшін құрылды. Қарап отырсақ, аз ғана уақыттың ішінде біраз нәрсе өзгерді. Демек, нәтиже бар. Сондықтан Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді бірлесіп орындауға шақырамын.

Эльмира ТІЛЕУБЕКОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support