- Advertisement -

КҮЙЕУ БАЛАСЫ ҚАЙЫН ЕНЕСІНІҢ ҮЙІН ТОНАҒАН

36

- Advertisement -

Тараз полициясына 66 жастағы әйел хабарласып, үйін тонап кеткенін айтып шағымданған. Шамамен сағат 00.20-да белгісіз ер адам үйіне заңсыз кіріп, күш қолданамын деп қорқытып, 2450 АҚШ долларын, 100 000 теңге, сондай-ақ 2 алтын сақина мен ұялы телефонын ашық түрде алып кеткен. Жәбірленуші бұл қаражатты қажылық сапарға жинап жүргенін айтады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараздың 47 және 51 жастағы тұрғындары болып шықты. Сонымен қатар күдіктілердің бірі жәбірленушінің күйеу баласы болып шыққан.

Ұсталған азаматтар кінәларын мойындап, тергеу амалдары жүргізілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support