- Advertisement -

Біздің мақтаныштарымыз

57

- Advertisement -

Елімізде түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру мақсатында И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясында да бірқатар іс-шаралар атқарылуда.

Мәселен, мұғалімдер күні мерекесіне орай «Ұстазыма мың алғыс» хэштегімен құттықтаулар ұйымдастырылып, түлектер онлайн бейнебайланыс арқылы алғашқы ұстаздарын құттықтады. «Аяулы мектебіме — 40 жыл» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға мектебіміздің 1991 жылғы түлегі, қазіргі таңда Тараз өңірлік университетінде қаржы кафедрасының аға оқытушысы, қаржы магистрі Айжан Мелдебекова (Тажбенова) қатысып, өзінің жылы лебіздерін білдірді. 2001 жылғы мектеп түлегі Әсел Тұрғымбекова АҚШ-тағы Мэрио штатынан байланысқа шығып, құттықтау сөз жолдаса, 2010 жылғы мектеп түлегі, бокстан бірнеше дүркін әлем чемпионы Феруза Шарипова осы атаулы мерекеде білім алған мектебіне әсерлі бейнежолдау жіберді. Сондай-ақ 2007 жылғы түлек Мәскеу қаласы, Никулин цирк театрының балет-актеры Дмитрий Гражданкин, 2014 жылғы түлек Петропавл қаласы, №68 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанерке Кайриллина, 1991 жылғы түлек Руслан Тухватулин мектебіміздің 40 жылдығына орай бейнесәлемдеме жіберді. Барлық бейнежолдаулар онлайн кездесуде көпшілік назарына ұсынылды.

Тараз қалалық «Жомарт түлек-Тараз» форумына қатысқан түрлі салада қызмет атқарып жүрген түлектеріміз Айжан Байталиева, Сымбат Әбиір, Мәншүк Мырзабалиева, Айбек Құлшыман, Бекжан Байсеитов, Архат Сұлтанов, Әбілхайыр Сабырұлы, Абзал Асанбаев мектеп  бітіруші түлектермен өмірлік тәжірибелері, жетістікке жету жолдары туралы өз ойларымен бөлісе келе, оларға үлкен өмірге қадам басуына сәттілік тіледі. Сонымен қатар «Бүгінгі түлек — ертеңгі тірек» тақырыбында табысты түлектермен кездесу ұйымдастыру дәстүрге айналып отыр. Аталған жоба аясында «Путь к успеху» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге мектеп түлектері қол күрестен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионы Бақыт Ақжігітов және пауэрлифтинг спорт түрінен Азия, әлем чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы Игорь Варламов қонаққа келді. Кездесуде мектеп оқушыларына спорт саласындағы және өмірдегі ең қызық сәттері туралы қызықты сұхбат беріп, мектеп бітірушілерге қалаған мамандық иесі болуына тілек білдірді.

Атқарылған іс-шара есебі мектеп сайтында жүктеліп, түлектер туралы мәліметтер jambyl-tylek.kz сайтына 2682 түлек тіркелген. Табысты түлектеріміз туралы бейнежолдаулар мектебіміздің https://www.youtube.com/ видеохостингінде жарияланса, «Түлектер тақтасына» қалдырған тілектері жүректен жүрекке жетуде.

Туған жеріне, халқына, ұшқан ұясына деген сүйіспеншіліктен туған осындай игі іс-шаралар патриоттық сезімді күшейтіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосары анық.

Арайлым БАЙМАШЕВА,
И.Панфилов атындағы
№39 мектеп-гимназиясы
директорының бағдарлы оқу
ісі жөніндегі орынбасары.
Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support