Төлем балансы бойынша статистикалық есептілік туралы

3

Төлем балансы бойынша статистикалық есептілік дегеніміз не?

Сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын ұйымдар Қазақстан Ұлттық Банкіне төлем балансы бойынша статистикалық есептілікті тапсыруға міндетті. Есептерді ұсынудың кезеңділігі мен мерзімдері белгілі бір жылға арналған Статистикалық жұмыс жоспарында көрсетілген. Есеп нысандары үнемі жетілдіріліп отырады.

Төлем балансы – бұл белгілі бір уақыт аралығындағы резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы экономикалық операцияларды қорытындылайтын есеп. Бұл есеп макроэкономикалық талдау мен болжау құралдарының бірі болып табылады.

Оның деректері белгілі бір уақыт аралығында басқа елдермен тауарлар мен қызметтер саудасының дамуын, бейрезиденттерден қарыз қаржы ресурстары мен оларға берілген қаражаттың түсу көлемін көрсетеді. Бұл тартылған шетелдік инвестициялардың мөлшерін, оларға төленген дивидендтерді, сондай-ақ резиденттердің басқа елдердің экономикасына салған инвестициясының көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Ұлттық Банктің филиалдарына қандай есептер тапсырылады?
Ұлттық Банктің филиалына 1-6, 10-ТБ нысандағы есептер ұсынылады.
Негізгі ұсынылатын есептер: 10-ТБ – көрсетілген қызметтер бойынша операцияларды бейнелейтін «Бейрезиденттермен халықаралық операциялар туралы есеп» және 1-ТБ – «Бейрезиденттерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп».
1-ТБ нысаны – бұл бейрезиденттермен жасалған сауда-коммерциялық мәмілелер бойынша операцияларды, қаржылық несие беру және алу, бағалы қағаздарды шығару және сатып алу, бейрезиденттердің шетелдік кәсіпорындардың капиталына салымдарын, резиденттердің шетелдік кәсіпорындар капиталына қатысуын, шетелдік банктердегі шоттардағы ақшалардың қозғалысын, қарыздар мен талаптар бойынша сыйақыларды көрсететін есеп.

Кәсіпорындардың есеп беру деректерін уақтылы және толық ұсынуы үшін заңнамада есеп беру нысанына қарай оларды есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 30-40 күн ішінде ұсыну мүмкіндігі көзделген. Есептерді ұсыну мерзімдері сақталмаған жағдайда әкімшілік жаза көзделеді.

Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына дәйексіз бастапқы статистикалық деректерді ұсыну ескерту жасауға әкеп соғады. Бастапқы статистикалық деректерді тиісті мемлекеттік статистика органдарына белгіленген мерзімінде ұсынбау – жеке тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 14 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 20 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Есептерді электронды түрде тапсыруға болады ма?

«Төлем балансы бойынша есеп беру» тапсырмасы шеңберінде есептерді Ұлттық Банктің веб-порталы арқылы электронды түрде мынадай жекелеген нысандар бойынша:
– төлем балансының статистикалық нысандары;
– Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына қосымшалар;
– Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларына қосымшалар бойынша ұсыну мүмкіндігі іске асырылды.

Ұлттық Банктің веб-порталында «ҚРҰБ Веб-порталы» АШЖ арқылы есептерді электронды түрде тапсыру бойынша егжей-тегжейлі жадынама орналастырылған. Сонымен қатар есептер электрондық түрде веб-портал арқылы ұсынылса, оларды қағаз тасымалдағышта ұсынудың қажеттілігі жоқ екенін айта кеткен жөн.

Барлық сұрақтар бойынша Ұлттық Банктің Жамбыл филиалына мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (7262) 999-348, 999-341 (ішкі 2866, 2881,2839), 45-59-81.

Айжан КУТТЫБАЕВА,
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл

Comments are closed.