- Advertisement -

Дәрілік заттарды рецепт бойынша босату

248

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының басымдылық міндеттерінің бірі – халықты сапалы және қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Дәрілік заттар екі санатқа бөлінеді: дәрігердің рецептісі бойынша және рецептсіз босатылатын дәрілік заттар.

Дәрігердің рецептісі бойынша берілетін дәрілік заттардың тізіміне микробқа қарсы және гормоналды препараттар, құрамында есірткі құралдар мен психотроптық заттар бар дәрілік заттар, жүрек-қан тамырлары, сонымен қатар асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуге арналған дәрілік заттар және тағы басқалары жатады. Ал дәрумендер, мұрынға арналған тамшылар, шәрбаттар, шөп шайлары мен жиынтықтары, кейбір суыққа тиюге қарсы және ауруды басатын кейбір дәрілік заттар дәрігердің рецептісіз беріледі.

Дәрігердің рецептісіз дәрілік заттарды сату мәселесі бүгінгі таңда да өзекті болып отыр. Өйткені кейбір медицина қызметкерлері дәрілік заттарға рецепт жаза бермейді немесе оларды қағаз қиындыларына жазады, ал халықтың басым бөлігі дәрігерлерді айналып өтіп, дәрілік заттарға және олардың қолданылуы туралы ақпаратты дәріхана арқылы алады. Интернет ресурстары, достарының, әріптестерінің, туыстарының ұсынысы бойынша ақпарат алып, рецепт арқылы босатылатын дәрілік заттарды дәрігердің рецептісіз пайдаланып, өзін денсаулығына зиян келтіріп жататындар да бар. Қазақстан Республикасы Кодексінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» талаптарымен дәрігердің рецепті бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады, өйткені дәрілерді бақылаусыз қолдану азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Медицина қызметкері емделушіге бекітілген нысан бойынша дәрілік затты белгіленген рецептілік бланкіде жазып беруі керек, ал дәріхана қызметкері рецепт негізінде науқасқа дәрілік затты босатуға міндетті, жазған рецепті заңды күшке ие және дәрігердің тағайындалғанын растайтын құжат болып табылады.

Медицина қызметкерлерінің рецептерді жазу талаптарын бұзуы, сондай-ақ дәріхана қызметкерлерінің рецепт бойынша берілетін дәрілік заттарды дәрігердің рецептісіз сатуы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген әкімшілік жауаптылыққа және әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті дәріханалық және медициналық ұйымдармен түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады, сондай-ақ азаматтарды өзін өзі емдеумен айналыспай, дәрігердің дәрілік заттарды тағайындауы бойынша, дәрілік заттарға рецепт жазып беретін білікті мамандарға жүгінуге шақырады.

Дәрілік заттарды рецептсіз босату бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне хабарласу қажет: Тараз қаласы, Әйтиев көшесі, №27 мекенжайы бойынша, сенім телефондары: 87262/45-37-69; e-mail: dkmfk_zhambyl@dsm.gov.kz.

Мадина ШИНАЛИЕВА,
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент
басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support