- Advertisement -

«Қандай кезеңде де ақ жолынан таймаған»

105

- Advertisement -

Ғалым ҚАСАБАЙ,
«Ақ жол» газетінің 2010-2013 жылдардағы
директор-бас редакторы.

Менің бір тәнті болатыным – «Аq jol» жүз жылға жуық тарихында атын бірнеше өзгерткенімен қандай кезеңде де ақ жолдан таймағаны. Басшылыққа келген алғашқы кезде жұмысты біршама ретке қойған соң редакция мұрағатында сақталған газет тігінділерімен танысқаным бар. Сонда барлық нөмірі сақталмағанын аңғардым. Дегенмен басылым заман талабына сай қоғамдағы өзгерістерге әр кез үн қосып отырғанын аңғардым. Соғыс жылдарындағы тылдағы ауыр бейнет, одан кейінгі ел ішіндегі ауыр тұрмыс, тың және тыңайған жерлерді игеру, Горбачевтің қайта құруы дейсіз бе, өңірдің ғана шежіресін шертіп қоймай, Кеңес одағы сынды алып державадағы оқиғаларға дейін қамтып отырған.

Ұзақ жыл редактор болып жемісті еңбек еткен, бүгінде тоқсан жастан асқан Баттал Жаңабаев көкеміздің ақжолдықтарға жасаған үлкен бір жақсылығын атап өтсем деймін. Ол кісі облыстағы беделді басшы азаматтардың бірі болды. «Aulieata-media» ЖШС-на қарасты облыстың үш бірдей газеті қоныстанған қазіргі ғимараттан облыстық атқару комитеті іргедегі бүгінде Тараз қалалық әкімдігі отырған ғимаратқа көшкенде бұл жерге небір азулы мекемелер келгісі келіп, талас туады. Сонда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Хасан Бектұрғанов бәріне тойтарыс беріп, облыстық
«Еңбек туы» («Аq jol») мен «Знамя труда» газеттерінің қоныстануына ықпал етеді. Баттал көкеміздің Хасан Шаяхметұлымен сыйлас, аралас-құралас жүруінің пайдасы осылайша екі бірдей шығармашылық ұжымға тиді. Қырық жылдай уақыттан бері «Аq jol» Тараздың төріндегі сәулетті ғимараттардың бірінде отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support