- Advertisement -

«Қонаевқа бірінші болып барып, жолығып, сұхбат алған»

92

- Advertisement -

Қуаныш ИЕМБЕРДИЕВ,
«Aq jol» газетінің 2013-2014 жылдардағы
бас редакторы.

«Горбачевтық жылымық» басталғанымен компартияның әлі де қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде Арғынбай Бекбосын осындай азаматтық танытып, Рахметбек Өзбековке арнайы тапсырма беріп,
ұлттық діл мен қазақ тілінің мүшкіл ахуалы туралы «Азаматтық диалектикасы» атты мақала жаздыртып, жариялап жіберді. Жазықсыз жапа шеккен ұлт қайраткері Асанбай Асқаровты ақтау қозғалысының бастауында да «Еңбек туы» тұрды. Тарихшымыз деп жүрген талай адам үйреншікті ленинизм, марксизм тақырыбында диссертация жазып жатқан «қайта құру» кезеңінің өзінде-ақ қазақтың күштеп ұмыттырылған талай тұлғаларын тарих тозаңынан аршып алған Бақытяр көкем облысымыздың орталығының көне атауы Тараз екенін дәлелдеп берді. Дәлелдеп қана қойған жоқ, осы азаматтық, тілшілік табандылығының арқасында жергілікті атқамінерлердің «бұл мәселені қозғамай-ақ қойыңыз» деген нұсқауына қарамастан, Елбасымен өткен жиында Жамбыл қаласына тарихи атауын қайтару туралы ұсынысын айтып, шаһар атының қайтарылуына мұрындық болды.

Желтоқсан көтерілісінен кейін Кремльдің кәріне ұшырап, ақпараттық құрсауда қалған ұлт абызы Дінмұхамед Қонаевқа қазақ журналистерінің ішінде бірінші болып барып, жолығып, сұхбат алған Қыстаубай көкемнің табандылығы да нағыз ерлік еді. Себебі Димаш Ахметұлының үйін күзететіндер кіргізбей қойған. Басқа біреу болса, бардым, кіргізбеді, арым таза деп қайтып кетер еді. Қыстекең қайтпаған, екі күн бойы есігін күзетіп отырған. Ақыры күзетшілер бірбеткей тілші туралы Димекеңе айтуға мәжбүр болған. Осылайша «Еңбек туында» сұхбат жарияланып, қайраткерді құрсаған ақпараттық сеңнің көбесі сөгілген болатын.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support