- Advertisement -

«Кедей еркінен» «Aq jol»-ға дейін…

186

- Advertisement -

НЕМЕСЕ ЖҮЗ ЖЫЛДЫҢ  ТАРИХЫ

Газет 1922 жылдың 1 мамырында Әулиеата ояздық, қалалық партия комитетінің, Кеңес атқару комитетінің органы «Вольная беднота» газетінің қосымшасы ретінде дүниеге келді . Тұңғыш редакторы — Анна Владимировна Алматинская. 1924 жылдың тамыз айынан бастап басылым «Еңбек» деген атпен шыға бастады.

Әулиеата оязының аудан болып қайта құрылуына байланысты 1929 жылдың 1 қаңтарынан «Диқан даусы» атты аудандық газетке айналды.

«Жаппай ұжымдастыру» науқанына байланысты газеттің аты 1931 жылдың басынан «Колхозшы», 1938 жылы «Колхоз жолы» деп өзгерді. Заман ағымына қарай 1944 жылға дейін «Коммунист», одан кейін «Сталиндік жол» атанған басылым 1958 жылдан бастап «Еңбек туы» деген атқа ие болды.

Хрущевтің әпербақан саясатының салқыны «Еңбек туын» да айналып өткен жоқ. 1962 жылы облыстық бірден-бір қазақ газеті жабылып, бір жылдан кейін орыс тіліндегі «Знамя труда» газетінің аудармасы ретінде жарық көрді. Тағы бір жылдан кейін ғана қайтадан дербес басылымға айналды.

Қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге байланысты 1990 жылдың 3 сәуірінен бастап газет «Ақ жол» деген атпен шыға бастады.

Ал 2018 жылдың қаңтар айынан бастап газет атауы латынша әріптерге ауыстырылып, оқырманға «Aq jol» болып жол тартты

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support