- Advertisement -

Қазақстандық спортшы қыз Италияда өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті

30

- Advertisement -

Қазақстандық дзюдошы және грэпплингтен әлем чемпионы Әйгерім Әбілқадірова Италияда өткен «Miss Europe Continental-2022» сұлулық байқауында жеңіске жетті.

Бойжеткеннің айтуынша, ол Қазақстан тарихында мұндай беделді байқаудың жеңімпазы атанған бірінші адам.

«Ұйымдастырушылар Италияда өтетін халықаралық сұлулық байқауына шақырғанда ұзақ ойландым, бірнеше келіссөздерден кейін келісімімді бердім. Бала күнгі тағы бір арманым орындалды. Бала кезімнен өмірімде бір сәтсіздік болса ата-анам маған әр нәрсенің өз жақсылығы бар деп айтатын және бұл даналық мені әрқашан тыныштандырып жігерлендіреді», — деді бойжеткен.

Әйгерім байқаудың жоғары деңгейде өткенін, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 60-тан астам ару қатысқанын айтады.

Әбілқадырова грэпплингтен қазақтан шыққан жалғыз әлем чемпионы. Сонымен қатар, ол теледидар экрандары мен журналдардының мұқабасында жиі көрінетін модель және актриса.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support