- Advertisement -

ҚЫЗҒАЛДАҚТАР МЕКЕНІНДЕ…

143

- Advertisement -

Қаратаудың күнгейі қай заманнан қызғалдықтың мекені саналады. Осыны ескергендіктен «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай жасалған жоспарға «Қызғалдақ экпедициясын» өткізу де енгізілген еді. Ондағы мақсат – бас газеттің ғасыр мерейтойы қарсаңында туған жердің табиғатын аялап, көздің қарашығындай сақтап, таңғажайып табиғатын қазақ еліне паш ету, қызғалдақты өңірге алыс-жақын шетелден келетін туристерді тарту.

Осы мақсатпен Бас редактор Оралхан Дәуіт бастаған бір топ журналистер Талас пен Жуалы ауданының аумағы шектесетін адам аяғы тие бермейтін, мал түспейтін қызғалдақтар мекеніне фотоэкспедиция жасадық. Тау-тастан өтіп, жер талғамайтын көлікпен Тараз қаласынан төрт сағатта діттеген жерімізге жеттік. Облыстық кино орталығының 10 жылдығына орай бізге ол мекеменің де бір топ қызметкерлері мен операторлары қосылды.

Табиғаттың сонша сұлулығына сүйсініп, жердің сәнін келтіріп құлпыра өскен, көздің жауын алатын қызғалдаққа қызыға қарадық.  «Аq jol» және «Ар-ай» газеттерінің фототілшілері Ақәділ Рысмахан мен Алтынбек Қартабай, «Жамбыл-инфо» сайтындағы әріптестер, кино орталығының операторлар, әрбір түп қызғалдақты жеке-жеке обьективке түсіріп, құйып өткен жауынға да қарамады.

Осылайша жексенбіні табиғат аясында, құлпырған қызғалдақтар мекенінде өткізіп, «Ақ жолдың» жүз жылдық мерейтойы аясында жоспарланған үлкен бір шараны өткізіп тастадық. Құдай қаласа, ертең газеттің ғасыр тойына орай шығатын фотокітаптың қызғалдақ құнды жәдігеріне айналады.

Амангелді ӘБІЛ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support