- Advertisement -

Ойынханаларды Қапшағайдан көшіру қарастырыла ма? Министрлік жауабы

81

- Advertisement -

Мәдениет және спорт министрлігі Алматы облысы әкімдігінің ауысуына байланысты Қапшағайдағы ойынханалар көшірілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

Министрліктің баспасөз қызметі мәліметінше, «Ойын бизнесі туралы» қолданыстағы заңға сәйкес, ойынханалар, ойын автоматтары залдары жергілікті атқарушы органдар белгілеген аумақтарда — Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында орналастырылған. Бұл аумақтардың шекарасын Мәдениет министрлігімен келісе отырып, әкімдіктер белгілейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау сияқты бірнеше жағдайларды, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра нысандарының жойылу және бүліну қаупі, елдің қорғаныс мұқтаждығын және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жергілікті билік казинолар мен басқа да ойын мекемелері үшін бұрыннан белгіленген шекараларды өзгерте алмайды.

«Осылайша, заң ойын алаңдарының шекарасын, олардың орналасқан жерін өзгерту жағдайлары мен шарттарын нақты реттейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Алматы облысындағы ойын аймағының орнын өзгерту мәселесі үкіметтің күн тәртібінде жоқ», — деді министрлік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының әкімдігі Қапшағайдағы ойынхана ғимаратына көшу туралы хабарламаға жауап берген болатын. Әкімдік Қапшағай қаласындағы түрлі ғимараттар зерттеліп жатқанын атап өтті.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support