- Advertisement -

Қысқы спорттың 8 түрінен бақ сынаймыз

208

- Advertisement -

Жақын күндерде Қазақстанның олимпиадалық құрамасы Қытайға ұшып кетеді. Ал 4 ақпан күні төртжылдықтың басты додасы – қысқы Олимпиада басталады.

Жазғы спорт түріндегі атлеттер қысқы Олимпиадаға аттанатын спортшыларға қолдау көрсетіп, олимпиадалық құраманың «Бір ел – бір команда» ұранын тағы бір нақтылады. Сондай-ақ фотосессияға дзюдошылар Жансай Смағұлов пен Ақмарал Науатбек, бокстан ерлер командасының капитаны Абылайхан Жүсіпов, гимнаст Аружан Қасенова мен «Барыс» хоккейшісі Самат Данияр қатысты.
Құраманың спорттық киімдері Қытайдағы қысқы климатқа арнайы ойластырылған. Мұнда температура кей кездері 20 градустан да төмендейді. Сондықтан сыртқы киім табиғи қаздың жүнімен толықтырылған, жылуды сақтап, суықты өткізбейтін заманауи материалдар қолданылған. Көлеміне қарамастан, киімнің салмағы аз, өте иілімді және еркін қозғалуға ыңғайлы. Дизайнерлердің пайымынша, олимпиадашылар бұл форманы спорттық аренадан басқа жерлерге де кие алады. Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпан күні Бейжіңде басталып, 20 ақпанға дейін созылады. Қазақстан командасы спорттың сегіз түрінен сынға түседі.
Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз! Қоржынымыз алтын мен күміске тола бергей!

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support