- Advertisement -

«Әлжан ана» музейі – аналарға тағзым

478

- Advertisement -

Қордайдағы әлеуеті жоғары ауылдың бірі – Әлжан ана ауылы. Бұл елді мекен Елбасының нағашы жұрты болуымен де, осында Әлжан ананың ғұмыр кешуімен де ерекше. Осы ауылға еліміздің Тұңғыш Президентінің жас кезінде келіп тұрғаны, Тұрғанбек атты дос тауып, екеуінің сыйластығы ұзақ жылдарға жалғасқаны – өз алдына бөлек әңгіме.

Бұл ауылдағы ерекше құндылықтың бірі – «Әлжан ана» музейі. Әрине, қазақтың қайсар аналарының символы болған, соғыс жылдарынан кейінгі қиын кезеңдерде бірнеше перзенттерді қабақ шытпай тәрбиелеп өсірген анаға қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Оның үстіне еліміздің болашақ Тұңғыш Президентін өмірге әкелген, бағып-қаққан кісіге шексіз құрмет жарасатын болса керек.
«Әлжан ана» музейін Майлыбек Атшабаров есімді азамат басқарады. Төрт жылдан бері жұмыс істеп тұрған музей тұрғындарға талай тарихтан сыр шертуде. Осында жас тарихшы Әлішер Аяпберген де көңіл бөліп, ауылына, елдің анасы Әлжан анаға құрметін білдіруде. Музейдің «Отанды сүю – отбасынан басталады» атты бөлігінде Әлжан ананың жолдасымен, перзенттерімен түскен суреттері қойылған. Мұнда Әлжан ананың айтыс ақыны, әнші болғаны да айтылады. «Үйдің жақсы болуы нағашыдан, жігіттің жақсы болуы ағашынан» атты арнайы бұрышта Тұңғыш Президенттің бозбала, жігіт шағы, студенттік кезеңі қамтылған. Қордайдағы нағашыларымен, құрдасы Тұрғанбек Тұрысбаевпен бірге болған сәттері көрініс тапқан. Музейде Әлжан ананың және Нұрсұлтан Әбішұлының кейбір маңызды құжаттарының көшірмесі, осы кісілер жайлы мақалалар мен суреттер молынан сақталған. Бұл жәдігерлердің болашақ ұрпақтарға да қызмет ете берері анық. Мұнда ауылдан шыққан белгілі тұлғалар жайлы мәліметтер де қамтылған. Мәселен, осы Әлжан ана ауылының перзенті, Қазақ КСР Сыртқы істер министрі, кейіннен Білім және ғылым министрі болған Балжан Бөлтірікова туралы да кеңінен ақпараттар бар. Музейді аралап көрген кісі ерекше әсер алып, тәрбие мектебінен, тарихтың тағылымды өткелінен өткендей болатыны анық.
Осында Елбасы да келіп, музейді аралаған. Әбіш ата мен Әлжан ананың өзге де перзенттері Қордайға атбасын тіреп, «Әлжан ана» музейін көріп кетіп тұрады екен. Бұл музейдің үлкендерге де, жас ұрпаққа да берері, тәрбиелік мәні үлкен.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support