- Advertisement -

Еліміз мәңгі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

210

- Advertisement -

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл мереке – әр қазақстандық үшін маңызды дата, Елбасының жасаған толағай еңбегіне деген құрметтің белгісі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ішінде елімізді күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналдық.
Еліміздің жеткен жетістігі мен шыққан биігі егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың беріктігін айғақтайтын айқын дәлел.
«Даудың дұрыс шешімі – шешенге жүк. Көштің аман жетуі – көсемге жүк» демекші Елбасының табанды еңбегі, ұтқыр шешімі, сындарлы саясатының нәтижесінде еліміз азаттыққа алғаш қол жеткен елең-алаң шақтан абыройлы өтіп, дамудың даңғыл жолына түсе білді.
Нұрсұлтан Әбішұлы қиын кезеңдерде еліміздің тұтастығын сақтап, іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп, Тәуелсіздігі баянды, жасампаз Қазақстан мемлекетін жаһан жұртына таныта білді. Күрмеуі көп қиын шақта тыңнан түрен салып, өзіне сенім артқан жұртын өркениетке жетеледі.
Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы салған сара жолды жалғастырып, жандандырып келеді.
«Мәңгілік елдің» құндылықтарын қастерлеп, келешек ұрпаққа басты байлығымыз – Тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың туын биік ұстап, табыстау – біздің мерейлі міндетіміз!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін! Еліміз мәңгі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Бердібек САПАРБАЕВ,
Жамбыл облысының әкімі.

Махметғали САРЫБЕКОВ,
облыстық мәслихат хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support