- Advertisement -

Журналистиканың тарихынан сыр шертті

141

- Advertisement -

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Филология және журналистика» кафедрасынан құрылған Жас журналистер клубының кезекті іс-шарасы өтіп, оған белгілі журналист, облыстық «Aq jol» газетінің Бас редакторы Оралхан Дәуіт қатысты.

Оралхан аға клуб мүшелеріне дәріс оқып,  өзінің журналистикадағы тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін берді. Жалпы, журналистиканың тарихынан сыр шертіліп, бүгіні мен болашағы туралы ой қозғалып, мақала жазу шеберлігі, тақырып қою өнері, ой қорыту мәселесі мен оқырманды баурап алудың жолдары жайлы тағылымды әңгіме өрбіген кездесуде студенттер де белсенділік танытып,  сұрақтарын қойып отырды. Мәселен, Ақмарал Қарабек газет журналисі телеарнада жұмыс істей ала ма десе, Анар Әуесбек мақала жазудың жолдарын білгісі келетінін айтып, Ділназ Бекбосын газеттердің электрондық нұсқасын дамытудың тиімділігін сұрады. 40-қа жуық студент қатысқан шеберлік сағаты өте қызықты өтті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support