- Advertisement -

Көпірден секірмек болған жас қызды дер кезінде құтқарып қалды

99

- Advertisement -

Тараз қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының  қызметкерлері түнгі пысықтау кезінде 15 қараша күні сағат шамамен 03:00-де жедел басқару орталығынан көпір үстінде әйел адамның секіруге дайын тұрғандығы жайлы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жақын жерде болған патрульдік полиция қызметкерлері көпір үстіне тез арада жетіп, жас қызбен сөйлесе отырып, оны райынан қайтарып, құтқарып алған.

22 жастағы қала тұрғынын Тараз қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының капитаны Айдын Абдрахманов пен полиция аға лейтенанты Рауан Мирибилдаев Тараз қалалық Полиция Басқармасына жеткізген, ол өзінің күйзелісте боландығын және суицидке бел бұуғандығы жайлы айтқан. Жас қызбен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, қазіргі таңда психологтармен бірлесе жұмыс жүргізілуде.

(Сурет интернеттен алынды)

 

Жамбыл облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support