- Advertisement -

Боз кілемде 200-ден астам жас палуандар өзара мықтыны анықтады

142

- Advertisement -

Жуалы ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Жарыс, №14 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде әр түрлі салмақ және үш жас айырмашылығы бойынша өтті: жас жасөспірімдер 2006-2007, жасөспірімдер 2004-2005 және жастар 2002-2003 жж.

Боз кілем бәсекесінде 200-ден астам жас палуандар өзара мықтыны анықтап, тартысты күрес көрсете білді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және дипломдармен марапатталды.

Енді өз салмақтарында жеңімпаз атанған спортшылар Жуалы ауданының  атынан Тараз қаласында өтетін облыстық іріктеу турнирінде өнер көрсетеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support