- Advertisement -

Өңірде 19 компьютерлік томография аппараты жұмыс істеуде

107

- Advertisement -

Қазіргі пандемия жағдайында компьютерлік томография аппаратының адамдарға орасан көмегі тиіп жатқаны рас. Компьютерлік томография ағзаның барлық бөлімдері мен жүйелеріне терең зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу ағзалардың зақымдану деңгейін анықтайды.  

Мамандар мұндай аппараттан өту үшін арнайы дайындықтың қажеті жоқтығын айтады. Тек, сырға, сақина, белдік сынды темірден жасалған бұйымдарды шешіп, пациент шалқасынан құрылғыға жатқызылады. Аппарат небәрі 10-15 секундта ауру себептерін анықтау үшін компьютер бетіне адам ағзасын түсіріп береді. Тексеру жұмыстары ешқандай ауыртпалықсыз жасалады. Облыстағы барлық компьютерлік томография аппараттары қазіргі заман талабына сай, инновациялық-сандық үлгідегі заманауи қондырғылар.

Жеңілдік санатындағы адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркеуде тұрған адамдар тегін тексеруден өте алады. Сондай-ақ келісімшартқа отырған кез келген емдеу мекемесінің жолдамасымен барған пациенттер де тегін диагностикадан өтуге құқылы.

Өңірде коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың ауру деңгейін анықтайтын компьютерлік томография құрылғыларының 8-і мемлекеттік, 10-ы жекеменшік медициналық орталықтарда орналасқан. Облыста барлығы 19 компьютерлік томография аппараты  жұмыс істеп тұр. Жақында ғана бұрын болмаған Қордай, Талас аудандарына осындай құрылғы қойылды.  Орта есеппен 1 аппарат тәулігіне 96 науқасты түсіре алса, ал 14-і 1344 адамды қарауға қауқары бар. Алдағы уақытта медициналық мекемелерге қосымша тағы 4  құрылғы алу жоспарлануда. Сондықтан халыққа компьютерлік томографиядан өту үшін алдыңғы жылдардағыдай апта бұрын жазылып, кезек күтудің немесе шалғай ауылдық елді мекеннен қала орталығына сабылып келудің қажеті шамалы. Бүгінде барлық емдеу мекемелерінде бар құрылғылар  тәулік бойы халыққа үздіксіз қызмет көрсетуде.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support