- Advertisement -

Жамбыл ауданы 1000 түп шөпті Аралға жөнелтті

74

- Advertisement -

Биылғы жаз еліміздің шаруалары үшін оңай соқпауда. Әсіресе, еліміздің батыс, Қызылорда өңірлеріндегі шаруалар қуаңшылықтың зардабын тартуда. Жемшөптің тапшылығы қазақтың ата кәсібіне орасан зиян келтіріп отыр. Мал басын аман сақтап қалу үшін оларға жан-жақтан көмек жөнелтілуде. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жамбылдықтар да Қызылорда облысының Арал ауданының тұрғындарына көмек қолын созуда.

Бұл игі бастамаға аудан әкімі Сәкен Арубаев, ауылдық округ әкімдері де қолдау білдіріп отырғанын айта кеткен жөн. Соның бір дәлелі — Жамбыл ауданы тарапынан 1000 түк шөп вагондарға тиеліп, Арал ауданына жіберілуде. «Көп түкірсе — көл» демекші, бұл қиындықтан да жұдырықтай жұмылып ғана шыға алатынымыз белгілі. Алдағы уақытта мұндай игі шаралар жалғасын тапады

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support