- Advertisement -

Жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы жарысы басталды

71

- Advertisement -

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары аясында алғашқы жарыс басталды. Софтболдан Жапония әйелдер командасы Австралияны айқын басымдықпен жеңді, деп жазады Olympic.kz.

Кездесу 8:1 есебімен аяқталды. Софтбол бәсекелері 21-27 шілде аралығында өтеді. Алты әйелдер командасы бір жүлде жиынтығын сарапқа салады. Ал ерлер бейсболда бақ сынайды.

Сондай-ақ бүгін әйелдер командасы арасындағы футбол бәсекесі де басталады.

Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты 23 шілдеге жоспарланған. Алайда, спорттық жарыстар ашылу салтанатынан бұрын басталып кетеді. Бұл, әсіресе, командалық ойын түрлеріндегі спортшыларға тікелей қатысты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support