- Advertisement -

Азаттығымыздың айғағы — Рәміздер

150

- Advertisement -

Елдігіміздің нышаны, егемендігіміздің берік тірегі – Мемлекеттік рәміздеріміз. Елдің мерейі, халқымыздың мақтанышы. Халықаралық саяси аренада мемлекетіміздің көк Туы желбіресе, айбарымыз арта түсетіні де, сондықтан. Саңлақтарымыз олимпиадалар мен әлем чемпионаттарында Әнұранымызды шарықтатса, мерейіміз үстем болып тұратындығының да мәні осында. Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздер жалпы ұлттық және біріктіруші күш ретінде бағаланатындығы да содан.

Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранның сипаттамалары және ресми пайдалану тәртібі конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында күшіне енген болатын.

4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау арқылы мемлекет саясатын жүзеге асыруға жас ұрпақты белсене қатыстыра отырып, жоғары патриоттық сананы, өз елімізге деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру мақсатында Тараз қаласында көптеген іс-шаралар өткізілді. Соның бірі – жаяу жүргіншілер және вело-автошеруі.

«Жастар» аллеясындағы «Сахна» алаңшасынан бастау алған шеру Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағына дейін жалғасты. «Менің Туым, Менің Отаным» атты патриоттық жастар акциясы аясында өткен іс-шара  саябақта түйінделді. Мемлекеттік Гимн орындалып, шеруге қатысушылар Әнұранды бірге шырқады.

Осы іс-шарада қала әкімдігі белсенді жастар мен волонтерларды марапаттады. Соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Сондай-ақ бұл күні  «Қасиетті көк байрағы елімнің!» атты акция аясында қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерінде Мемлекеттік Туды ілу бастамасы қолға алынып, оған тараздықтар біркісідей атсалысты.

Рәміздер – әр мемлекеттің тәуелсіздігінің, біртұтастығының ажырамас бөлігі. Әлемде елдіктің басты белгілері – Ту, Елтаңба, Әнұранды төріне іліп, көгінде шалқыту бақыты бұйырмаған ұлттар да бар. Ал Қазақстан елдігімізді айшықтайтын рәміздерін дәріптеу мәртебесіне ие болған ел. Сондықтан, 4 маусым қазақстандықтар үшін мәні мен маңызы зор мереке. Бұл күні еліміздің әрбір патриот азаматы мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге бағытталған іс-шаралардан шет қалмайтыны да сондықтан. Мерейлі мерекеде қаладағы мекемелерде бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн  орындалуы – соның көрінісі. Тараздықтар «Mart», «Small», «Вкусная Корзинка» орталықтарында өткізілген тақырыптық блиц-викториналарға да белсенді қатысып, сыйлықтарға ие болды. Себебі олар бұл күннің тәуелсіз елдің азаматтары мен өскелең ұрпақты елдіктің басты белгілерін қастерлеуге дағдыландыру үшін қабылданған ерекше мереке екенін жақсы біледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support