- Advertisement -

Мектепке мемлекеттік рәміздер жиынтығын тарту етті

107

- Advertisement -

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Туған жерге туыңды тік» бастамасына аясында қолға алынған шаралар аз емес. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Жомарт түлек» жобасы да сол құжаттың негізінде жүзеге асырылуда. Жақында Сарысу ауданындағы Игілік ауылының бір топ жастары ауылдағы Шоқай датқа атындағы орта мектебіне мемлекеттік рәміздердің жиынтығын тарту етті.


«Ауыл» партиясы фракциясынан аудандық мәслихат депутаттығына сайланған Аслан Аманов ұйымдастырған бұл шараға Орынбасар Шардарбеков, Бекайдар Қырықбаев, Бақберген Тоқжұманов, Ғалымжан Искаков, Елдос Рахымберді, Ағаділ Рысбеков есімді азаматтар үлес қосқан.


«Туған ауылымыздың гүлденуіне, көркеюуіне бәріміз мүдделіміз. Сол себептен де қолымызға бір шеге түссе, осы ауылдың игілігі үшін қаққымыз келеді. Ауыл мешітіне жайнамаз кілімшелер, заманауи пеш тарту етіп жатқанымыз, тұрмысы төмен отбасыларды қамқорлығымызға алып жатқанымыз, мектептің игілігі үшін жасалған еңбектер сөзімнің дәлелі. Қуанатыным, ауыл үшін деген әр іске замандастарым белсене үлес қосады. Бұл жолы да 500 мың теңгенің басын құрап, өзіміз оқыған білім ошағына мемлекеттік нышандарымыздың жиынтығын сыйладық. Оны күнделікті көріп жүрген іні-қарындастарымыздың, балаларымыздың бойында ұлтқа, Отанға деген патриотизм, мақтаныш пайда болады, елін сүйетін ұрпақ өсіп жетіледі деген ниеттеміз», — деді халық қалаулысы Аслан Қайратұлы.
Айта кетерлігі, игіліктік жастардың еңбегі көп ауылдың жастарына үлгі болу керек. Олар әлеуметтік желідегі «Игілік жастары» атты топта бір-бірімен ақылдасып, келісіп, ауылға қажетті дүниелерге үнемі атсалысып отырады. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарған олардың әлі де жоспарлары көп.

Асхат Әмзебек

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support