- Advertisement -

Баба рухына құрмет көрсетілді

141

- Advertisement -

 

Жүз жыл жырлаған жүрек иесі, қазақ халқының дарабоз ақыны, жырауы болған Жамбыл Жабаевтың орны қазақ руханияты әлемінде қай кезде де жоғары тұратыны белгілі. Оның шығармалары   ұлтымен бірге жасай беретіні анық. Қазақ барда Жамбыл мен Құлманбеттің, Жәкең мен Айкүмістің айтыстары елдің жадынан өшпек емес. Бабадан мирас болып қалған айтыс өнері десе, Жамбылдың есімі қатар аталатыны да заңдылық. Жыр-Жамбылдың өнері мен   кісілігі қатар жүретіні де еліне аян. Ол: «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп, ұстазына деген құрметтің де керемет үлгісін көрсетіп кеткен. Қысқасы, ХХ ғасырдың Гомері атанған ұлы жыраудың 175 жылдық торқалы тойының ақын атындағы өңірде кеңінен аталып өтілуі – Жамбылтану мәселесіне жасалған сәтті қадам.

Жыр алыбы, ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында ақын рухына құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастап, «Жамбыл – менің жәй атым, халық – менің шын атым» республикалық айтысына келген ел зиялылары, қазақ өнерінің корифейлері, жергілікті ақын-жазушылар, ардагерлер, жалпы жамбылдықтар Абай көшесінің бойында орналасқан ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл – кісіліктің, ұлт әдебиетінде айрықша орны бар тұлғаға деген құрметтің айнымас белгісі. Баба рухына құрмет көрсету – қай кезде де біздің асыл борышымыз. Бұл күні Жамбыл Жабаевтың рухы көкте самғаған шығар. Өйткені ұрпағы ақын аманатына адалдық танытты.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support