- Advertisement -

ПРАЙМЕРИЗ – МОЛ МҮМКІНДІКТЕР

114

- Advertisement -

Қасымхан Төлендиев,
«Nur Otan» партиясының ардагері.

 

Мен өз өмір жолымда еліміздің қоғамдық-саяси даму кезеңдерінде көптеген саяси науқандарға қатысқан адаммын. Әрине, әр дәуірдің өзіндік саяси талабы, саяси көзқарасы және саяси бағыттарының болары заңдылық.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы, дәуір саясатының дарабозы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылдың 21 тамызында өткен партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында тікелей бастамасымен көтерген «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жаңғыртудың жаңа бағдарламасы қабылданғанын көпшілік өте жақсы біледі.
Қазіргі таңда жалпыхалықтың аса зор сеніміне ие болып отырған еліміздің бас партиясы осы маңызы зор бағдарлама талаптарын іске асыру мақсатында ішкіпартиялық праймериз өткізуді белсенді түрде қолға алып отыр.
«Nur Otan» партиясы алға қойған мақсатты тірліктерінің барысы жайлы республикалық, облыстық баспасөз құралдары мен бүгінде халық көп пайдаланатын әлеуметтік желілер арқылы естіп, біліп отырмыз.
Жалпы, ішкіпартиялық праймериздің ең басты мақсаты – «Мықты лидерлер – мықты партия» қағидаты аясында жаңа көшбасшыларды анықтау мен іріктеуге бағытталған. Осы талаптар шеңберінде «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы басшылығымен Тараз қаласы мен аудандарда көптеген жұмыстар атқарылғанын көріп отырмыз.
«Nur Otan» партиясы демократиялық принциптерге басымдықтар бере отырып, барлық партия мүшелеріне жасап отырған мол мүмкіндіктері мені қуантады. Мұндай оң қадам елімізде бұрын-соңды бой алған емес. Әрине, праймериз өткізу тәжірибесі әлем елдерінде кең тараған ішкіпартиялық шара. Сондықтан да «Nur Otan» партиясы осы жолы мақсатты түрде праймеризге қатысушылар қатарына қоғамдағы белсенді әйел-азаматтарға 30 пайыздық, ал, 35 жасқа дейінгі жастарға 20 пайыздық арнайы квота белгілеуі де құптарлық саяси шешім. Өйткені қоғам алға жылжып тез өзгеріп барады. Сол алға жылжыған қоғамда кадрлар ауысу жүйесінің міндетті түрде орын алары ақиқат. Сондықтан «Nur Otan» партиясы ұстанып отырған сабақтастық қағидаты өз нәтижесін беретініне менің сенімім мол.
Қазіргі таңда ішкіпартиялық праймеризге қатысу үшін ресми тіркеуден өткен кандидаттар тынымсыз түрде әрбір партия мүшесін өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп отырғандығы ашық байқалып отыр. Осы жолда ресми тіркеуден өткендер қатарында лайықты азаматтар көп екен.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығынан үміткерлер қатарында өзім етене жақын танитын үлкен өмір және қызмет жолынан өткен, оның ішінде Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарының әкімі, әкімнің орынбасары қызметтерін үздік, табысты атқарған, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бола жүріп, партия жұмысына тың идеялар әкелген, бұдан кейін облыс әкімінің ауыл шаруашылық саласына жауапты орынбасары сынды жұмыстарды ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түскен Мұратхан Жүнісәліұлы Шүкеевтей лайықты кандидатты көріп отырмын. Мен бұл азаматтың қызмет жолын өте жақсы білемін. Өйткені қадамы алымды, іскер басшы бола білген М.Шүкеев қандай жауапты іс болса да аса зор жауапкершілікпен қарайтын азамат. М.Шүкеевтей тәжірибелі азаматтардың еліміздің саяси аренасында «Nur Otan» партиясы белгілеген сындарлы саясатты алға апаратындығына еш күмәнім жоқ.
Екінші бір менің назарыма түскен Мәжіліс депутаты болуды мақсат тұтқан кандидат М.Х.Дулати атындағы өңірлік Тараз мемлекеттік университеті ректорының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Ержан Әмірбекұлы болып отыр. Бұрынғы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін басқарған жылдары Е.Әмірбекұлын жас педагог кадрларды дайындау мен тәрбилеу ісін алдыңғы қатарға шығарып, олардың «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандарға баруына үлкен ықпал ете білген ғалым, бастамашыл-жаңашыл басшы ретінде танимын. Ел ертеңін терең ойлап жүрген Е.Әмірбекұлын келешегінен үлкен үміт күтетін кейінгі толқын, жалынды, креативті басшылар қатарына қосуға әбден болады.
Егер осы аттары аталған өңір азаматтары Мәжіліс депутаты мандатына ие болса, еліміздің заң шығару саласына өзіндік үлес қосарларына нық сенімдімін.
Жалпы, «Nur Otan» партиясының ішкіпартиялық саяси додасына қатысушы осындай елім үшін еңбек етемін, халқым үшін қызмет жасаймын деген өңір жерлестерімізді кандидаттар қатарынан көптеп кездестіруге болады.
Мен Елбасы басқарған еліміздегі ең іргелі саяси күшке айналған «Nur Otan» партиясының алдағы уақытта өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына деген саяси қозғалысты бүгіннен бастап отырған саяси байламын толықтай қуаттаймын. Өйткені бұл қадам келешекте егемен елімізде депутаттық корпусты сапалы қалыптастыруға және түпкі нәтижеге қол жеткізуге үлкен мүмкіндіктер берері сөзсіз.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support