- Advertisement -

Маска тағудан бас тартқан режиссер фестивальдан қуылды

41

- Advertisement -

Испаниядағы Сан-Себастьян қаласында өтіп жатқан халықаралық фестивальда франциялық режиссер, сценарийші және актер Эжен Грин медициналық маска тағудан бас тартқаны үшін аккредитациядан айырылып, байқаудан шығарылды. Бұл туралы EFE агенттігі хабарлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фильмін көрсету кезінде режиссердің маска тағу бес рет сұралды, бірақ Грин бас тартқан. Ақыры франциялық режиссер залдан қуылды. Басылым мәліметінше, жергілікті құқық қорғау органдары актерді оған шағым түсірілетіні жайында ескерткен.

28 тамызда Париж билігі қала тұрғындарын көшеде жүргенде маска тағуды міндеттеген болатын. Ал 26 тамызда мұндай шешімді Марсель билігі де қабылдады. Көшеде немесе дүкенде маскасыз жүргендерге 135 еуро көлемінде айыппұл салынады. Ережелер қайта бұзылса, айыппұл сомасы 1,5 мың еуроға дейін көбеюі мүмкін.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support