- Advertisement -

Коронавирустың жаңа толқынына дайындық қалай?

46

- Advertisement -

Жыл басынан бері коронавирус инфекциясына қатысты жағдайдың ушығуы әлем елдерін алаңдатып отырғаны белгілі. Сәйкесінше, тиісті шектеу шараларын қабылдаудың арқасында індеттің таралуын айтарлықтай тежеу мүмкін болды. Осы орайда бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирусқа қарсы күрестің нәтижелелері жайында баяндады.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі ретінде апта сайын еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде және халыққа көрсетіліп жатқан медициналық жәрдем туралы ақпарат беріп тұратын боламыз. Сонымен қатар, індетке қарсы күрестің нәтижелелері жайында баяндаймын», — деді Бағдат Қожахметов.

Ол Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтағанын жеткізді. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр.

«Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады. Бірақ жеткен жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды. Ендігі міндетіміз – індетті жұқтыру мен өлім-жітімді тоқтату. Осы ретте барша қазақстандықтарға санитарлық ережелерді орындауға шақырамын», — деді Б. Қожахметов.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде қазір қолымызда жан-жақты сараланған мәліметтер бар. Бұл бізге болашаққа жоспар құрып, алдын ала дайындалуда мүмкіндік береді. Яғни, індеттің күзде күтілетін жаңа толқынына қарсы тұру үшін материалды әрі адами ресурстарды толығымен дайындауға жағдай жасалды», — деді Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Атап айтқанда, провизорлық орталықтарда жедел әрекет ету үшін медициналық қызметкерлерді дайындаудан бөлек, дәрі-дәрмектермен толықтыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Коронавируспен және КВИ-ға ұқсас белгілері бар пневмониямен сырқаттанған науқастар үшін алдын ала бір айлық қорға есептелінген препараттар сатып алынды. Қазіргі уақытта өңірлерге 8,7 млрд теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмек жөнелтілді. Бұл орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді. Оның  айтуынша, 15 тамыздан бастап тағы екі айға жететін қор әзірленеді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support