- Advertisement -

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады

31

- Advertisement -

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

«Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады», — деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол ел халқын санитарлық ережелерді қатаң орындауға шақырды.

«Бірақ жеткен жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды. Ендігі міндетіміз – індетті жұқтыру мен өлім-жітімді тоқтату. Осы ретте барша қазақстандықтарға санитарлық ережелерді орындауға шақырамын», — деді Б. Қожахметов.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support