- Advertisement -

Оқушыларға пайдалану үшін 500 мың компьютер беріледі

43

- Advertisement -

Премьер-Министр Асқар Мамин жаңа оқу жылына қатысты министрліктерге тапсырма жүктеді.

«Оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Дайындықты бұдан да жандандыру керек. Қашықтан оқытудың методологиясын пысықтап, балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Ол үшін 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат бере отырып, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыру керек», — деді А. Мамин Үкімет отырысында.

Оның  айтуынша, Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютерді беруді қамтамасыз етеді.

«Әкімдіктер компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесін жергілікті деңгейде қосымша пысықтасын», — деді Үкімет басшысы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support