- Advertisement -

Балабақшаларда кезекші топтар ғана жұмыс істейді

89

- Advertisement -

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың қалауы бойынша балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылады. Сәйкесінше, бұл топтардағы балалардың саны он бестен аспауы тиіс», — деді министр Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек ол қосымша білім беру ұйымдарында оқыту шараларына тоқталды. Балалар ата-аналардың өтініші негізінде қашықтан немесе жеке тәртіппен оқуға, сонымен қатар бес баладан аспайтын шағын топтардағы үйірмелерге қатысатын болады.

«Арнайы білім беру ұйымдарының жұмысы біз үшін ерекше маңызға ие. Осы ерекше бүлдіршіндер қазіргі жағдайда үлкен назарды қажет етеді. Сондықтан ата-аналарының таңдауы бойынша арнайы онлайн кеңес беру немесе мамандардың жеке қабылдаулары ұйымдастырылады. Денсаулығында күрделі проблемалары бар балаларды қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі», — деді А. Аймағамбетов.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support