- Advertisement -

Әділбек деген тиран

60

- Advertisement -

Алматы облысында тиран-күйеу өз әйелін өлтіре жаздады. Бірақ полиция күдіктіге қарсы кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша емес, орташа дәрежелі дене жарақатын қасақана салу бабымен іс қозғаған.  Әйелдің туыстары бұл жағдаймен келіспей отыр.  

Бұл сұмдық оқиға жайында #НеМолчиKZ қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова жазды.

Алматы облысында тұратын Әділбек О. 15 жыл бойы отасып келген өз әйелін, төрт баласының анасын өлтіре жаздады! Туыстарының сөзінше, әйел сол тиранға тигелі бері күйеуінен толассыз таяқ жеп келеді. 4 ай бұрын әйелінің кетіп қалғанына қатты өшіккен ол, араға балаларды салып, әйелін қайтып келуге әрең көндіріпті. Сосын әйелін өлтіру жоспарын жүзеге асырмақ болған. Балаларды алдын ала әжесіне жіберген, сосын үйге коньяк әкеп, өзі ішіп, әйеліне де ішкізбек болады. Бірақ әйелі ішпей қойды! Содан тиран әйелін оңдырмай сабап, су толтырылған ваннаға қарай сүйрейді! Қылқындырып жатып: Көзіме қарама, әйтпесе сені өлтіре алмай қалуым мүмкін деп кіжінеді. Сосын тоқпен өлтірейін деп қосылған фенді ваннаға салмақ болғанда, феннің шнурының ұзындығы жетпей қалған, сол сәтте әйел қашып үлгерген, деп жазады Дина Смаилова.

Әйелдің жағы екі жерінен сынған, сөйлей алмайды. Ертең ота жасалады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support