- Advertisement -

470 мұғалім жетіспейді

82

- Advertisement -

Атырау облысының мектептерінде 470 мұғалім жетісрейді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сұхбат берген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта облыста 470 мұғалім жетіспейді. Биыл педагогтар қатары 110 жас маманмен толығады. Оның 20-сы –бастауыш сынып мұғалімі. Ал, 8 мұғалім орыс сыныптарына сабақ беретін болады. Жаңа оқу жылында 582 бастауыш сынып ашылады. Оның ішінде 128 орыс сыныбы бар» -деді әкім.

Оның айтуынша, бұл проблеманы шешу үшін педагог мамандығына оқитын студенттерге гранттар бөлінбек.

«Көктемде қашықтан оқыту үшін 1400 компьютер сатып алынған еді. Енді тамыз айында жергілікті бюджет есебінен тағы да 3000 компьютер сатып алынады. Жыл аяғына дейін республикалық бюджет қаржысына 18 мың компьютер сатып алу жоспарланып отыр», — деді Махамбет Досмұхамбетов.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support