Қаржыгерлер жалақысы атына сай ма?

8

«Aq jol» газетінде (№18821) қаржы-есеп саласының ардагері Төле Наржанов елді мекендердегі есепшілердің жағдайын мерзімінде қолға алуды ойлап, «Ауылдағы есепшілер жайы ескерілсе дейміз» тақырыбымен мәселе көтеріпті.
Бүгінде қаржы-есепшілердің мойнында барлық мекемелер мен кәсіпорындардың күнделікті жұмысы тұрғандығы рас. Бұл мамандар да 4-5 жылдай жоғары оқу орнынан білім алған соң, жоғары ұлттық холдингтер мен компанияларға жұмысқа орналасуды көздейді. Неге? Өйткені мемлекеттік кәсіпорында жаңадан келген, еңбек өтілі аз басқа мамандардың еңбекақысы осы есепшілердің жалақысынан жоғары келеді. Бұл – бірінші.
Екіншіден, ауылдық жердегі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда есепші, экономистер жетіспейді. Үшіншіден, қаржыгерлердің атқарған еңбегін бағалап жатқан билікті көрмеймін. Әртүрлі (Құрметті азамат, Құрмет грамотасы, Алғыс хат, орден-медальдар, қаржылай тағы басқа) марапаттар өзге сала қызметкерлеріне бұйырып жатады.
Сондықтан алдағы уақытта мемлекеттік кәсіпорындардағы есепшілердің ең болмаса айлығы көбейсе деймін.

Игенбай ЕТЕКБАЕВ,
қаржы-есеп саласының ардагері.

Көкөзек ауылы,
Байзақ ауданы.

Comments are closed.