- Advertisement -

Шағын және орта бизнес өкілдерін салықтан босатуды тапсырамын — Тоқаев

40

- Advertisement -

 

Олар 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа республикалық телеарналар арқылы жасаған мәлімдемесінде шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Біз шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып отырмыз. Кәсіпкерлерге көмек көрсетуіміз керек. Өйткені, олар – экономикамыздың тірегі. Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек. Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырамын. Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды», — деді Президент.

Ол ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілетінін айтты.

«Атап айтқанда, бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінеді. Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Ең алдымен, шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн», — деді ол.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырды. Соған байланысты медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қол жетімді болып қала береді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support