- Advertisement -

Нұрберген «Айқанат» мектебіне жолдама алды

400

- Advertisement -

Ләззат ҚҰРАЛБАЙ

№9 В.Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде республикалық «Айқанат» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Сайыста ауданның 30 мектебінен келген 435 оқушы бақ сынады. Құттықтау сөз сөйлеп, олимпиада шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым үміткерлерге сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде ауыл оқушыларына мемлекет тарапынан беріліп отырған осындай мүмкіндікті пайдалана білу қажеттігін айтты.
«Айқанат» олимпиадасының Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстары бойынша аймақтық координаторы Толқын Нартаева:
– «Айқанат» олимпиадасы ауыл оқушылары арасынан дарынды оқушыны анықтау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, пәнге қызығушылығын қалыптастыру және шет мемлекеттер мен еліміздегі жоғары оқу орындарының грант иегері атануына қолдау көрсету мақсатында ауыл мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында өткізілуде. Ол үшін оқушылар физика, математика, ағылшын тілі және әдебиет пәні бойынша эссе байқауында өз білімдерін дәлелдеуге тиісті, – дей келе, былтыр алғаш рет өткен «Айқанат» олимпиадасында жеңімпаз атанған оқушыларды таныстырды.
Өткен жылы республика бойынша олимпиадаға ауыл мектептері арасында 40 мың оқушы қатысса, облыс бойынша оның 40-ы үздік шыққан. Соның төртеуі меркілік өрендер. Олар: №48 жалпы білім беретін мектебінен Еркебұлан Ерен, №2 ЖББМ оқушысы Алтынай Бейсенбек және №39 ЖББМГ оқушылары Дильназ Дүйсен, Нұрберген Қамбарбек.
Келер жылы Бурабай қаласында дарынды оқушыларға арналған «Айқанат» мектебі ашылмақ. 11-сыныпты аталған білім ұясында жалғастыруға жолдама алған Нұрберген бұл ауыл мектептеріне арналған керемет жоба және зор мүмкіндік екендігін жеткізді.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support