- Advertisement -

Кредит қай кезде қуаныш әкеледі?

36

- Advertisement -

Банктік қарыздар бізге жаңа автокөлік, туристтік жолдама сатып алу немесе мерекелердегі шығындар секілді әртүрлі өмірлік жағдайларда көмектеседі. Бірақ кей кезде тауарлар мен қызметтердің көптігі бізді ойластырылмаған сатып алуларға итермелейді, оның салдарынан өмірімізді күрделендіретін қарыздарға батамыз. Кредит алу қажет пе және оны өтей алмайтын жағдайда не істеу қажет? Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Тараздағы филиалының директоры Валерий Пакқа осы және басқа да сұрақтарды қойған болатынбыз.

– Айтыңызшы, кредиттеудің қандай түрлері көп танымалдылыққа ие?
– Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғаларға тұтынушылық қарыздар, автокредиттеу, тауарлық қарыздар және кредиттік карталар секілді кредиттеудің әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Олардың ішіндегі ең танымалы – 5 жылға дейінгі мерзімде 5 000 000 теңгеге дейінгі сомада берілетін «Қолма-қол кредит». Айтпақшы, қазір оны біздің банкте жылдық 15% мөлшерлемесімен алуға болады, ал бұл нарықтағы ең тиімді ұсыныстардың бірі. Сонымен қатар егер клиент кредитті пайдалану мерзімінде мерзімді кешіктіруге жол берсе, ВТБ оған оның үстіне сыйақы сомасынан 9%-ын қайтарады.
– Сіздің банк тұтынушылық кредитті кез келген адамға бере алады ма әлде Сіз шешімді қабылдай отырып, клиенттің төлемқабілеттілігін қатаң түрде бағалайсыз ба?
– Біздің миссиямыз клиенттерімізді қаржылық сауаттылыққа үйрету және экономикалық тұрақсыздық уақытында қаражатты және отбасылық бюджетті оңтайлы басқару деп білеміз. Өкінішке орай, адамдар кредитті бір мезеттік қалауларға, болашақты ойламай алатын кездер жиі болады. Біздің банкте кәсіпқой мамандар жұмыс істейді, олар клиенттің мүмкіндіктерін бағалай отырып, оған ең жақсы нұсқалар ұсынады. Егер біз адамның қызығушылықпен, мысалға, қандай да бір өте сәнді тауарларды сатып алуға қарыз алғысы келетінін, бірақ мұндай сатып алудан кейін оның табысы қазіргідей өмір сүруге мүмкіндік бермейтінін байқасақ, онда біз клиентті мұндай сатып алудан және оған кредит алудан сақтандыруға тырысамыз.
– Адам кредит алып, бірақ оқыс жағдайдың әсерінен (мысалы, жұмыстан айырылу) кредитті төлеуге шамасы болмайтын кезде не істеуге болады?
– Ең алдымен банкке жүгініп, өзінің проблемасы туралы айтуы қажет. Кредиттік ұйымдар көп жағдайда адал клиенттерге қолұшын беруге тырысады және екі тарапқа да қолайлы болатын алдағы уақыттағы серіктестіктің нұсқаларын ұсынады. Мысалы, егер сізде табыс көзі бар, бірақ ол азайған жағдайда не болмаса қарыздық жүктеме сіз үшін ауыр екенін сезінсеңіз, кредитті басқа банктен қайта қаржыландыруға болады. Мысалы, Банк ВТБ (Қазақстан) басқа банктерден алынған қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша тиімді шарттар ұсынады. Осы құралдың көмегімен сізге кредит бойынша сыйақының мөлшерлемесін азайтуға, төлем мерзімін ұзартуға және тіпті қарыз сомасын 5 000 000 теңгеге дейін арттыруға болады.

Банк ВТБ (Қазақстан)-нан кредитке немесе қайта қаржыландыруға өтінішті банктің сайтында немесе 5050 нөмірі бойынша қалдыра аласыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support