- Advertisement -

Ұтымды жұмыстың нәтижесі жемісті

43

- Advertisement -

Спорт – денсаулық кепілі. Елбасының өзі кезінде бұқаралық спортқа баса мән беру қажеттігін қадап айтқаны баршаға мәлім. Тіпті Қазақстан халқының 30 пайызы бұқаралық спортпен қамтылуы керектігін де шегелеп тапсырған-ды. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да назарында.

Біздің басқарманың жұмыс жоспары негізінен 5 индикаторлық көрсеткішке негізделген. Олар: елді мекендерде тұрғындардың спортпен айналысуы үшін спорт алаңшаларының (әмбебап алаң, стритворкаут, спорттық күш құрылғылармен жабдықталған алаңша және т.б.) санын ұлғайту; жергілікті тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру; жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту; 7-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жеткіншектердің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және дене дайындығы спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына мүмкіндік туғызу; халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі секілді санаттарға бөлінеді.
Осы орайда 1-индикатордың бүгінгі күнге орындалуы 102,9 пайызды құрайтынын атап өткім келеді. Ағымдағы жылдың 9 айында алаңшалар мен спорттық құрылғылар санын 1261-ге жеткізу жоспарланған, нақты көрсеткіш 1297 нысан. Алаңшалар мен спорттық құрылғылар салу бойынша хаттамалық тапсырма берілген. Онда жергілікті тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін қоғамдық кеңістіктерде, аулалар мен саябақтарда 2019-2020 жылдар аралығында облыс көлемінде 266 спорт алаңшасын салу көзделген. Оның ішінде 2019 жылға – 174, 2020 жылға 92 алаңша салу жоспарда бар. Бүгінгі күнге 112 спорт алаңшасы (Тараз қаласы – 14, Байзақ ауданы – 16, Жамбыл – 10, Жуалы – 9, Қордай – 15, Меркі – 11, Мойынқұм – 8, Сарысу – 6, Талас – 3, Т.Рысқұлов – 7, Шу – 13) қолданысқа берілді. Оның ішінде: шағын футбол алаңшасы – 28 (бюджет есебінен – 18, демеушілер есебінен – 10), әмбебап алаңшасы – 10 (бюджет есебінен – 7, демеушілер есебінен – 3), Street Workout – 64 (бюджет есебінен – 30, демеушілер есебінен – 34), басқа алаңшалар – 10 (бюджет есебінен – 3, демеушілер есебінен – 7) салынды.
Басқарма тарапынан облыс көлемінде орналасқан спорт нысандарына зерделеу жүргізіліп, ақаулары бар, қалпына келтіруді қажет ететін 203 спорт нысаны анықталды. Аудандар мен Тараз қаласы әкімдерімен арнайы кесте бекітілді. Кестеде әр нысанның жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі нақтыланып, қаржыландыру көзі мен жауапты тұлғалары белгіленген. Бүгінгі күнге дейін 179 спорт нысаны жөнделді. Жалпы алғанда, 3 спорт нысаны апаттық жағдайда тұр. Олар Жамбыл ауданы Бесжылдық ауылындағы орта мектептің спорт залы және Талас ауданы Тамды ауылындағы орта мектептің спорт залы. Аталған ауылдардағы оқушы контингенті мектептің жобалық қуатына жетпеуіне байланысты спорт залдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу облыс әкімдігі білім басқармасы тарапынан қолдау таппай отыр.
Екінші индикатор бойынша ағымдағы жылдың 9 айында 2176 нысанға қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарланған, нақты 2406 нысан тұрғындар үшін қолжетімді. Аталған нысандарда тұрғындардың спортпен шұғылдануы үшін арнайы кесте жасалып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және басқарманың, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің ресми сайттарында жарияланған.
Ал үшінші бағыт бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар санын арттыру 9 айда өз деңгейінде орындалған. Облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 337,3 мың адамға немесе 29,9 пайызға жетті. Оның ішінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын, саламатты өмір салтын серік еткен 14 жастан 29 жасқа дейінгілер саны 147,8 мың адамды (жалпы жастардың – 55,9 пайызы) құрады. Жалпы алғанда барлық индикаторлар өз деңгейінде жүзеге асты.
Өңірде саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жыл басынан бастап футболдан әуесқойлар арасында облыс чемпионаты және мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан «Түнгі Лига» ойындары өткізілді.
Жалпы, облыстың спорт мекемелерінде спорттың 43 түрі қамтылған. Оның ішінде 24 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес және 7 ұлттық спорт түрі бар. Спорт мекемелерінде 25 068 спортшы тұрақты түрде спортпен шұғылданса, онда 925 оқытушы-жаттықтырушы жұмыс атқарады. Тараз қаласы мен аудандарда спорттық секциясы бар 22 аула клубы жұмыс жүргізеді. Онда 48 жаттықтырушының жетекшілігімен 3000-нан астам спортшы тер төгуде. Секцияларда футбол, волейбол, баскетбол, асық ату, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы сынды өзге де спорт түрлері қамтылған.
Бесінші индикатор негізінде инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесінің орындалуы 99,3 пайызды құрайды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес басқарма тарапынан облыстағы спорт нысандарының қажеттілігіне талдау жасалып, нысандардың құрылысын жүргізу картасы әзірленді. Картаға сәйкес облыс бойынша 2019-2021 жылдар аралығында барлығы 28 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Тараз қаласында 2 манеж (гимнастикалық және жеңіл атлетикалық) құрылысын салу және 3 нысанды қайта жаңғырту жоспарланған. Соның ішінде Тараз қаласындағы «Жастар» стадионын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын.
Ағымдағы жылы Жамбыл ауданы Аса ауылында (сметалық құны 594,6 миллион теңге) және Шу ауданы Төле би ауылында (сметалық құны 295 миллион теңге) дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы салынуда. Аталған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы өтпелі болғандықтан, құрылыс-монтаж жұмыстарын 2020 жылы аяқтау жоспарлануда.
Облыс спортшылары биыл халықаралық және республикалық жарыстарда барлығы 1320 медаль иеленді. Оның 421-і алтын, 371-і
күміс, 528-і қола медаль. 910 спортшы (ересектер – 302, жастар – 286, жасөспірімдер – 322) спорттың бірнеше түрінен Қазақстан құрама командасының мүшелері атанды. 81 спортшы ҚР спорт шебері, 6 спортшы ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 қызметкер ұлттық дәрежедегі спорт төрешісі және 2 азаматымыз жоғары санаттағы ұлттық спорт төрешісі нормативтерін орындады.
Сондай-ақ 456 спортшыға «ҚР спорт шеберлігіне кандидат» спорттық атақтары берілді.
Түйіп айтқанда, салада атқа­рылған жұмыстар аз емес. Жүзеге асыратын шаруалар да жеткілікті.

Нұрбол ЖҮНІСБЕКОВ,
облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support