- Advertisement -

«IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНДА ОЗА ШАПТЫ

67

- Advertisement -

Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген болатын. Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда білектің күшінен гөрі білімге көбірек сенетін жалынды жастары бар елдің болашағы жарқын болары даусыз. Білімді жастар – біздің жарқын болашағымыз ғана емес, тәуелсіздігіміздің тұғырынан таймай, баянды болуының бірден-бір себепкері.
Бүгінде білімнің сапасын арттыруға, көкжиегін кеңейтуге керемет мүмкіндіктер жасалуда. Соның бірі – рухани жаңғыруды ауылдан бастауды мақсат еткен пилоттық жоба «IQanat» қоғамдық қоры ұсынған білімділер додасы. Қазақстандық кәсіпкерлердің бастамасымен қолға алынған «IQanat» олимпиадасы ауыл мектептерінде білім алып жатқан балаларға еліміздің ғана емес, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуларына жол ашуға бағытталған. Олимпиадаға қатысушылар физика, математика және ағылшын тілінен сынақ тапсырады. Белгілі бір тақырыпта эссе жазады. Жеңімпаздарға жоғары оқу орындарына түсуде үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Оған қоса, білімді оқушылармен екі жыл бойы біліктілігі жоғары ұстаздар жұмыс істейді. Түлектерді ұлттық бірыңғай тестілеуге және IELTS емтихандарына тегін даярлайды. Жалпы, қай жағынан алып қарасақ та олимпиаданың берері мол.

Ерғали Қартайған

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support