Мектеп оқулықтары шәкірт үшін шамадан тыс үлкен

Қазір бастауыш сынып оқушыларының оқулықтары үлкен етіп шығарылатыны белгілі. Бұл көңілге қонымсыз көрінеді. Өйткені өзім мектеп жасында кішкентай кітаптармен оқыдым. Ол кезде қазіргідей жүктеме де көп емес еді. Соның өзінде замандастарымның арасынан ғалым да, академик те, жеті қырлы, бір сырлы азаматтар да шықты. Сонымен қатар біздің қатарластарымыз білім ұясына 7 жастан баратын. Ал қазіргі балалар 6 жасында мектеп табалдырығын аттайды. Яғни жас шамасы кішірейді, кітап көлемі үлкейді. Керісінше жоғары сынып оқушыларының оқулықтары шағындау. Сонда қалай болғаны?
Меніңше, балаларымыздың ойы ұшқыр, білімі терең болу үшін кішкентай кітап кедергі емес. Мысалы, ұлы Абай, ақиық Мұқағали ақындарымыздай шығармашыл азаматтардың туындылары мен аудармаларын іздеген оқырман олардың еңбектері алақандай кітапшаға басылса, ыңғайсыз деп оқымай кетпейді ғой?

Гүлжан ТӨЛЕГЕНОВА,
көпбалалы ана.

Түймекент ауылы,
Байзақ ауданы.

Comments are closed.