- Advertisement -

Өркениет тазалықтан басталады

29

- Advertisement -

Бүгінде облыс орталығында наурыз-сәуір айлары көктемгі көгеріштендіру мен көріктендірудің екпінді екі айлығы болып жарияланғаны белгілі. Шаһар аумағында осыған байланысты жұмыстар әр сенбі сайын тұрақты түрде үзіліссіз жүргізіліп те келеді.
«Бір тал кессең, он тал ек». Әз Наурыз тағылымы осындай. Наурыздың 30-ы күні өткізілген жалпықалалық сенбілік Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Тараз металлургия зауыты аумағында тараздықтарды ағаш көшеттерін егуге жұмылдыру ісімен басталды. Бұл күні барлығы 3000 түп көшет отырғызылды.
Бұл іске қаладағы барлық облыстық және қалалық мекеме, ұйым, кәсіпорындар тартылды. Сенбіліктен Тараз қалалық әкімдігінің 11 аумақтық округі аумағына орналасқан облыстық басқармалардың, департаменттердің, акционерлік қоғамдардың, емханалардың, ауруханалардың, жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен серіктестіктердің, мәдени, спорт мекемелерінің еңбек ұжымдары, №01731 әскери бөлімінің қызметкерлері, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері де тыс қалмады.
Жалпықалалық сенбілікке барлығы 7280 адам қатысты. Шығарылған күл-қоқыстың көлемі 135 тоннаны құрады. 16 бірлік арнайы техника күші жұмылдырылды. Ал тазартылған арық жүйелерінің жалпы ұзындығы – 6,4 шақырым көлемінде.
Осылай ежелгі де жаңа қала тотыдайын таранып, түрленіп, түлей түсті. Мұндай игілікті шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support